«19 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 604 577 адам, II компонентін 7 908 380 адам салдырды», делінген хабарламада.
Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 1 015 141 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 967 790 адам екінші компонентін салдырған.
Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 1 014 166 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 951 704 адам 2-компонентін алған. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 903 559 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 856 014 адам екінші бөлігін қабылдаған.