Спорт • 19 Қараша, 2021

Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша әлем кубогінің ширек финалына өтті

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияның Дебрецен қаласында шорт-тректен әлем кубогінің үшінші кезеңі өтіп жатыр. Іріктеу нәтижесі бойынша екі қазақстандық спортшы 500 метрге жарысудан ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша әлем кубогінің ширек финалына өтті

Ширек финалда Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов сынға түседі. Олар іріктеу кезеңінде өз тобында екінші орын алып, келесі айналымға өтті. 

Өкінішке қарай, команда үздігі Абзал Әжіғалиев ¼ кезеңге шыға алған жоқ. 

Әлем кубогінің екінші жарыс күні Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады. 

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше