Спорт • 19 Қараша, 2021

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қатысатын спортшылар анықталды

79 рет көрсетілді

7-17 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ерлер арасындағы 86-шы, ал әйелдер арасындағы 29-шы бәсеке. Ташкент төрінде әлем атлеттері 20 салмақта (10 ер, 10 әйелдер) кім мықтыны анықтайды. 

Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын зілтеміршілер – Арли Чонтей (55 келі), Нұрғиса Әділетұлы (96 келі), Артем Антропов (96 келі), Карина Күзғанбаева (81 келі), Айзада Муптильда (87+ келі).

Айта кетейік, қазір ұлттық құрама спортшылары Алматыда «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Кеше ҰОК Спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов пен Ауыр атлетика федерациясының Бас хатшысы Алдияр Нұралинов құрамасының мүшелерімен кездесіп, сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар

2186 адам коронавирустан жазылып шықты

Коронавирус • Бүгін, 09:30

Елорда «жасыл» аймаққа өтті

Коронавирус • Бүгін, 09:13

1/16 финалға шыға алмады

Теннис • Бүгін, 08:45

«Реал» – Суперкубок иегері

Футбол • Бүгін, 08:40

Андеркардта күш сынасады

Спорт • Бүгін, 08:37

«Алтын тай» Аягөздің еншісінде

Аймақтар • Бүгін, 08:32

Ұқсас жаңалықтар