Әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта Мөлдір Жаңбырбай мен 68 келіге дейінгі салмақта Софья Берульцева қола медальға таласады.
Сондай-ақ, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай мен 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Әжіқанов әлемдік сында үздік үштікке енуге тырысады.
Спортшылардың жекпе-жегі сенбі күніне жоспарланған.