Әлем • 19 Қараша, 2021

Аргентина полициясы 17 жастағы футболшыны атып өлтірді

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аргентинаның полиция қызметкерлері «Барракас Сентрал» клубының кәмелетке толмаған футболшысы Лукас Гонсалесті атып өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аргентина полициясы 17 жастағы футболшыны атып өлтірді

«Оқиға 17 қарашада Буэнос-Айресте болған. Жас футболшы үш жолдасымен бірге автокөлікте келе жатқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасөспірімдер жүргізіп келе жатқан көлікке оқ жаудырған», деп хабарлайды Marca.

Ал полицейлердің нұсқасы бойынша жасөспірімдер полиция автокөлігін соғып кеткен, артынша полиция оларды тоқтатуға тырысқан. «Барракас Сентрал» ФК басшылығы әділ және адал тергеу жүргізуді талап етті.

Клубта үш күндік аза тұту жарияланып, барлық спорттық шаралар тоқтатылды.