«Отандық медиасфераның корифейлерінің бірі, талантты редактор және медиаменеджер Виктор Витальевич 58 жасында өмірден озды. Үлкен шығармашылық жолдан өткен, ҚР журналистикасының академигі соңғы жылдары «Комсомольскую правду Казахстан» басылымын басқарып келді.
Виктор Витальевичтің жақындарына, оның көптеген достары мен әріптестеріне шын жүректен көңіл айтамын. Топырағы торқа болсын!», делінген министрдің жазбасында.