Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев алғы сөз айтты.
«Түркі кеңесі Түркі мемлекеттері ұйымы болып қайта құрылған Ыстамбұлдағы Түркі мемлекеттері басшыларының жақында өткен кездесуі диаспоралар мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа серпін береді», деп атап өтті вице-министр.
Күн тәртібінде түркітілдес диаспоралардың қазіргі жағдайының өзекті мәселелері, Түркі мемлекеттері ұйымы мүшелері арасындағы ынтымақтастықты үйлестіру және нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірлескен іс-шараларды іске асыру мәселелері қаралды.
Іс-шараға Түркі мемлекеттері Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Кысмет Гозалов, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің уәкілетті өкілдері Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Шетелдегі түріктер істері және туыс қоғамдастықтар басқармасының (YTB) президенті Абдуллах Эрен, Әзербайжан Республикасы диаспора істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Фуад Рауф оглы Мурадов, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар жөніндегі комитеттің төрағасы Рустамбек Курбанов, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер Министрлігі жанындағы сыртқы көші-қон департаментінің директоры Таштанбек Каймазаров қатысты.
Түркі мемлекеттерінің өкілдері Қазақстанда өткен Түркі мемлекеттерінің диаспоралар істері жөніндегі ұйымының отырысына ризашылықтарын білдіріп, жоғары баға берді.