Теннис • 20 Қараша, 2021

Тимофей Скатов Бразилиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Тимофей Скатов Кампинас (Бразилия) челленджер турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тимофей Скатов Бразилиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Дүниежүзілік рейтингіде 259-орында тұрған Т.Скатов ширек финалда әлемнің 94-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, бразилиялық Тьяго Монтейромен күш сынасты. Өте тартысты өткен кездесу 3 сағат 35 минутқа созылды.

Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық теннисші сәтті ойнады – 7:6 (7:4). Екінші сетте корт иесі басымдылық танытты – 6:3.

Шешуші, үшінші партияда бразилиялық спортшы тек тай-брейкте ғана жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

Бәсеке барысында Т.Монтейро 9 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Т.Скатов 1 эйс, 4 брейкке (10 брейк-пойнт) қол жеткізді.