Аймақтар • 20 Қараша, 2021

Үшарал - Достық тасжолы ауа райына байланысты жабылды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үшарал - Достық тасжолы боран мен жолдың нашар көрінуінің салдарынан жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үшарал - Достық тасжолы ауа райына байланысты жабылды

20 қарашада сағат 14.30-да Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты Үшарал-Достық автожолында, 83-184-ші шақырымда, Көктұма станциясы - Достық станциясы учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

«Төтенше жағдайларға жол бермеу және қауіпсіздік үшін автомобиль жүргізушілеріне алыс сапардан аулақ болуға кеңес беріледі. Штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда 1403 нөміріне call-орталыққа хабарласа аласыз», деді ведомство өкілдері.