Қоғам • 21 Қараша, 2021

«Байқоңыр» ұшу алаңына ресейлік модульдегі соңғы зымыран орнатылды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қарашада «Причал» ХFC ресейлік модульдегі «Прогресс» жүк кемесі ұшыруы тиіс «Союз-2.1б» зымыраны шығарылып, «Байқоңыр» ұшу алаңына орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Байқоңыр» ұшу алаңына ресейлік модульдегі соңғы зымыран орнатылды

Бұл туралы Риа Новости мәлім етті.

«Прогресс М-УМ» жүккемесі және жаңа ресейлік «Причал» модулі бар «Союз-2.1б» зымыран тасығышы №31 алаңның ұшу алаңына орнатылды», делінген мемлекеттік корпорацияның Telegram хабарламасында.

Кейінірек Роскосмос сервистік бағандар біріктіріліп, тасымалдаушының коммуникациялары ұшу кешенінің жерүсті жабдығымен түйіскенін түсіндірді. Мамандар бірінші ұшу күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісіп кетті. 21 қарашада жүккемесі, зымырантасығыш және ұшу кешенінің жүйелері мен тораптарын автономды сынақтан өткізу жоспарланған.

Ұшу 24 қарашаға жоспарланған. Кеме «Наука» модулімен 26 қарашада түйіседі. «Причал» Ресей өзінің ХҒС сегментіне қосатын соңғы модуль болады.

Сонымен қатар, модульдік кеме ХҒС-қа 700 келіге жуық әртүрлі жүктерді, соның ішінде ресурстық жабдықтар мен шығын материалдарын, су тазартуды, медициналық бақылауды және санитарлық-гигиеналық құралдарды, техникалық қызмет көрсету және жөндеу объектілерін, сондай-ақ негізгі экспедиция экипажына арналған стандартты рационды жеткізеді.