Аймақтар • 21 Қараша, 2021

Ірі жобалар, ілкімді істер

335 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын табысты түйін­­деп отыр. Өңірде әлеуметтік-экономикалық маңызды жо­балар сәтті жүзеге асырылды. Олардың қатарында кеңес­тік за­манда жүзеге аспай, қағаз күйінде қалған жобалар да бар.

Ірі жобалар, ілкімді істер

Мәселен, тәуелсіздіктің нәти­же­­­сінде Сырдария өзені арқы­лы өтетін 430 метрлік «Тәуел­сіз­дік көпірі» салынды. Бұл кө­пір Өзбекстанмен шекаралас орналасқан Жетісай және Мақ­­­таарал аудандарын респуб­ли­­ка­лық автожолмен тікелей бай­­ланыстырады. Бұрын үш аудан­­ның 350 мың тұрғыны облыс орталығына жету үшін Өз­бек­стан аумағы арқылы шека­ра­дан өтетін. «Тәуел­сіздік кө­пірі» аталған мә­се­лені түбе­гейлі шешті.

– Бұған қоса Жетісай мен Мақ­таарал халқын Шардара су қой­­м­асы арқылы облыс орта­лы­ғы­мен байланыстыратын ұзын­ды­ғы 35 шақырымға тең «Ар­на­сай айналма жолы» пайда­ла­нуға берілді. Ташкент, Алматы және Қызылорда бағытында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» ха­лық­ара­лық транзиттік көлік дәлізі салынды. Оның 448 шақырымы облыс аумағы арқылы өтеді. Бү­гінде бұл жолдағы жүк айналы­мы 2,5 есе артып, көптеген тұр­ғы­нымыз үшін табыс көзіне ай­налды, – деді Орталық коммуни­ка­циялар қызметінде өткен бри­финг­те Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Әкімнің мәліметінше, тәуел­­сіз­­­дік жылдары жалпы облыс аума­ғында 8 мың шақы­рым­нан аса автомобиль жолы мен елді мекен көшелері және 71 кө­пір құрылыс-жөндеу жұмыс­та­рынан өткен. Н­ә­ти­жесінде, қанағат­танарлық жағ­дайдағы жол­­дардың үлесі 87 па­йызға жет­­кен.

– Сырдария бойындағы елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін «Көксарай су реттегіші» іске қосылды. Бұл жоба өзеннің бо­йындағы ауылдардағы су басу қаупі мәселесін шешіп қана қой­май, экологиялық жағдайға да әсер етті. Бұл жерде қосымша 38 мың гектар лимандық жайылым жер пайда болып, аумағындағы аудан­­дарда мал саны 2 есе көбей­ді, – деп нақтылады Ө.Шөкеев.

Оңтүстік өңірді табиғи газбен қамтуға мүмкіндік беретін «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбыры салынғаны есі­мізде.

– Бұл магистралдың өңір үшін маңызы өте зор. Себебі халықты табиғи газбен қамтамасыз ету үшін газдың күш-қуаты жеткілік­сіз болатын. Сондықтан бірінші кезекте осындай магистралды газ құбыры болу керек еді. Міне, жылдар бой­ы күткен үмітіміз ақталды. Ат­ал­ған газ құбырынан 239 елді ме­кен немесе 582 304 адам газ тұтына алады. Бүгінгі таңда 56 елді мекен, яғни 290 808 адам атал­ған газ құбырының игілігін көріп отыр. Қалған 183 елді мекен (291 496 адам) алдағы уа­қытта қам­тамасыз етілмек. Құ­быр­дың ұзын­дығы – 241,1 ша­қы­рым, – деді облыс әкімі.

Тәуелсіздік жылдары өңірде 573 мектеп, (215 мың орын) 84 балабақша, 503 денсаулық сақ­тау, 55 мәдениет және 28 спорт нысаны пайдалануға бе­ріл­ді.

– Соңғы үш жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, 5 есе өсім көрсетті. Жалпы, облыс құрылғалы бері 396 млрд теңгеге 114 инвестициялық жоба іске асырылды. Нәтижесінде, 6 300 жұмыс орны ашылды. Биылғы 10 айдағы инвестиция көлемі 479 млрд теңгеге тең. Жоспар – 800 млрд теңгеге жеткізу. Жыл басынан бері 166 млрд теңгеге 26 жоба іске қосылып, 1,5 мыңнан астам жұ­мыс орны ашылды. Түркістан об­лыс болып қайта құрылған кезде өнеркәсіп саласындағы кәсіпо­рындардың басым бөлігі Шым­ке­нт қаласында қалып қой­ды. Сон­дықтан біз өңірде өндіріс саласын қайта құруға ден қой­дық. Об­лыстың өнеркәсіптік әле­уетін дамыту мақсатында жеке инвестиция есебінен ірі жобалар іске асырылуда, – дейді әкім.

Бүгінде өнеркәсіп саласында жалпы құны 61,7 млрд теңгені құ­райтын 50-ден астам кәсіпорын ашыл­ған. 1 мыңнан аса жұмыс орны құрылыпты. Жыл соңына дейін 427,8 млрд теңгеге тағы 22 кәсіпорын іске қосылмақ. Қа­зір өнеркәсіп өнімінің көлемі 530 млрд теңгеге жетіп, өткен жыл­дың сәйкес кезеңімен салыс­тыр­­ғанда көрсеткіш айтарлықтай жақ­сарған.

– 805,3 млрд теңгеге ауыл шар­уа­шылығы өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 129 млрд теңгеге артты. 842,4 мың гектар аумаққа ауыл шару­а­шылығы дақылдары егілді. Егіс­­тікті әртараптандырудың нә­ти­­же­сінде көкөніс, бақша, картоп өнімдерінің түсімі орташа есеп­пен 20 центнерге өсіп, былтырмен салыстырғанда 500 мың тоннаға артты. 3,3 млн тонна өнім жиналды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Жаңадан 105,3 гек­тарға жылыжай салынып, олар­дың жалпы көлемі 1 440 гектарды құрады. Республикадағы жылыжай көлем­де­рінің 71 па­йызы біздің өңірге тиесілі. «Бір ал­қаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы аясында 8,9 мың гек­тар­ға 2 878 жоба іске асыры­лып, 280 мың тонна көкөніс өнімі жиналды. Өзге өңірлерге қарағанда Түркістан облысында күн ыстық және жылы күндер ұзақ сақталады. Осы бір табиғи климаттық ерекшелікті пайдаланып, агроқұрылымдарға бір алқаптан бір жылда 2-3 өнім алу тәжирибесін енгіздік. Алғашқыда 2019 жылы 107 жобаны іске асырып, агроқұрылымдарды жинап, түрлі семинарда тиімділігін дәлелдедік. Жобаның тиімділігі сол, бұрын шаруалар бір гектардан 2 млн теңге дейін табыс тапса, қа­зір бұл көрсеткіш 7 млн теңгеге ұл­ғайды, – деді Ө.Шөкеев.

Республикада суармалы жер­лер­дің үштен бір бөлігі Түркіс­тан облысына тиесілі – 548,2 мың гектар. Ағын суды тиімді пайдалану мақсатында ылғал үнемдеу технологияларын енгі­зу жолға қойылған. Бүгінгі таң­да облыста 4 мың гектарға жаң­быр­латып суару және 25,5 мың гектарға тамшылатып суару тех­­но­логиясы енгізілді. Бұдан бө­­лек, соңғы екі жылда 172 ша­қы­рымдық 23 каналға жөндеу және 241 шақырымдық 121 қашырт­қыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәти­же­сінде, 92 мың гектар суар­­малы жер­дің мелиоративтік жағ­­да­йы жақсарды.

Мал шаруашылығында мал басы мен өнімділік 4-5 пайызға артып, 291,4 млрд теңгеге өнім өндірілген. Ет экспорты бойынша облыс республикада бірінші орында тұр. Бүгінге дейін 24 мың тонна ірі қара мал, 2,3 мың тонна қой еті экспортталған.

– Облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 144 мыңға жетіп, соңғы 3 жылда 17 мыңға артты. Өндірілген өнім 1,6 есе ұлғайып, шамамен 400 млрд теңгені құрады. Өсім бо­йынша республикада алғашқы орындамыз. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 22 пайыздан асты. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі 2,8 есе ар­тып, 11 млрд теңгеге жетті, – деді Түркістан облысының әкімі.

Осы жылдың он айында құ­ры­лыс жұмыстарының көле­мі 209,2 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға артқан. Бұл ретте «Нұрлы жер» бағдарламасы тұр­­ғын үй құрылысына қарқын қос­қан. 10 айда 503,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бағдарлама аясында барлық қаржы көздері есебінен 232 тұрғын үйдің құрылысы жүр­гізілуде. Биыл бюджет есе­бі­нен 42 тұрғын үй құрылысын тапсыру жоспарлануда. Соның нәтижесінде 549 көпбалалы және әлеуметтік осал отбасы баспанамен қамтылады. Ал 2 096 отбасы жеңілдетілген несие арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие бо­лады. Жалпы, облыста 1 517 көппәтерлі тұрғын үй бар.

– Облыста 945 мектепте 509,7 мың бала оқиды. Апатты және үш ауысымды мектептің мәселесін шешу мақсатында биыл облыста 78 мектеп құрылысы басталды. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай 130 жаңа мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде биыл 47 мектеп салыну күн тәртібіне енгізілді. Бүгінгі таңда 42 мектептің құрылысы аяқталды. Бағдарлама аясында жыл сайын 108 мектеп жаңғыртудан өтеді. Тереңдетілген бағыттағы білім беру жүйесін дамыту мақсатында мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетігімен 4 Binom School мектебі салынады. Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зият­кер­лік мектебінің құрылысы аяқ­тал­ды. 700 оқушыға арналған 500 орындық жатақханасы бар «Д­а­рын» мектеп-интернатының құ­ры­лысы жүргізілуде, – деді әкім.

Ө.Шөкеевтің айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдар­ла­ма­­­сы шеңберінде жыл басынан 80 315 адам жұмыспен қам­ты­лып, бұл іске 14,4 млрд теңге бағыт­талған. Бағдарлама аясында мү­гедектігі бар азаматтарды жұ­мыспен қамту мақсатында
2 501 адам жұмысқа орналасқан. «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 34,5 млрд теңгеге 58 жоба іске асырылып, 1 872 жұ­мыс орны құрылған. 2021 жыл­дың екінші тоқсанына жұ­мыс­­сыздық деңгейі 5,1 пайыз­ды құрады. 41,6 мың отбасына (230 мың адам) 11,2 млрд тең­геге атаулы әлеуметтік көмек тағайын­дал­ды. Оның ішінде еңбекке жа­рамды 47 мың адам жұмыспен қам­тылды.

– Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 60 нысанның құ­­ры­­лысына бюджеттен 12,7 млрд теңге бөлініп, биыл 27 нысан пай­да­лануға беріледі. Нәти­же­сін­де, 20 елді мекен ауыз сумен қамтылса, 11 елді ме­кеннің су құбырлары қайта жаңар­тылады. Жыл қоры­тын­дысында облыстағы ауыз сумен қамту деңгейі 1,9 млн тұр­ғынды немесе 94,5 пайызға же­те­ді деп күтілуде. Алдағы 5 жылда 144 елді мекенді (121,8 мың адам) орта­лықтандырылған ауыз сумен қам­тамасыз ету, 209 елді мекен­дегі (624,9 мың адам) тозы­ғы жеткен су құбырларын қайта жаңарту жоспарлануда, – деді Ө.Шөкеев.

Табиғи газбен қамту үшін биыл 89 нысанның құрылысына 14,4 млрд теңге бөлініп, оның ішінде 29 нысан пайдалануға беріледі. Жыл қорытындысы бойынша 448 елді мекен немесе 1 млн 340 мың адам табиғи газды қосуға мүмкіндік алады. Алдағы 5 жылда қосымша 299 елді мекенді табиғи газға қосып, қам­ту деңгейін 85,6 пайызға жет­кізу міндеті тұр.

Электрмен жабдықтау бойын­ша 2021 жылы 54 нысанның құ­рылысына 8,5 млрд теңге қаржы бағыт­талған. Биыл 7 нысан пай­далануға беріледі. Нәти­же­сінде, 13 елді мекен немесе 13,5 мың тұрғын сапалы, тұрақты электр қуа­тымен қамтылады.