Аймақтар • 22 Қараша, 2021

Қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Демалыс күндері Алматы облысының құтқарушылары қар құрсауында қалған 9 адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды

Екі жағдай Алакөл ауданында тіркелсе, бір шақырту Кербұлақ ауданынан түскен,

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, Үшарал-Достық жолының Жалаңашкөл учаскесінде қалған автокөлікте үш адам болған. Олардың біреуі – бала.

Ал, Көктұма ауылынан 15 шақырым жерде трактор қалың қарда қалып қойған. Оның ішінде екі адам отырған. Алакөл ауданы жедел құтқару жасағының қызметкерлері оларды Көктұма елді мекеніне эвакуациялады. Ал төрт адам мінген «Toyota Hilux» автокөлігі Кербұлақ ауданы, Қоянкөз ауылы маңында қалың қардан өте алмаған. Сарыөзек өрт сөндіру бөлімінің мамандары оларды Жүзасу қыстағындағы шаруа қожалықтарының біріне жеткізді.

Құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болған 9 адамның барлығы аман.