Спорт • 22 Қараша, 2021

Каратэден ӘЧ: Қазақстандық спортшылар 8 медаль еншіледі

601 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облысының каратэ-до кекушинкай федерациясының президенті Мұхтар Джулдасов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каратэден ӘЧ: Қазақстандық спортшылар 8 медаль еншіледі

Польшаның Краков қаласында кекушинкай каратеден әлем чемпионаты өтті, оған 32 ел қатысты. Құрамында маңғыстаулық спортшылар бар еліміздің құрамасы сегіз медаль жеңіп алды, олардың алтауын командаға маңғыстаулық спортшылар салды.

Қазақстан құрамасынан Нұр-Сұлтан, Тараз қалалары мен Атырау және Маңғыстау облыстарынан 27 спортшы қатысты. Жалпы Әлем чемпионатына 32 елдің 684 спортшысы бақ сынады.

«Чемпионат жоғары техникалық деңгейде өтті. Жекпе-жек өте қиын болды, көптеген елдер тарапынан үлкен қарсылық болды. Мықты командалар Еуропаның бірнеше елінен, Ираннан, Украинадан және Ресейден келді», деп жазады федерация.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы сегіз медальға ие болды, оның ішінде үш бірінші орын, екі екінші және үш үшінші орын.

Бірінші орындарға ие болғандар:

75 кг жоғары салмақ санатында және 14-15 жас санатында өнер көрсеткен Ақтау қаласынан Аян Маратов;

60 кг салмақ санатында және 16-17 жас санатында өнер көрсеткен Жаңаөзен қаласынан Аманқан Қыдыржан;

75 кг салмақ санатында және 18-21 жас санатында бақ сынаған Нұр-Сұлтан қаласынан Антон Зиморев;

65 кг жоғары салмақ санатында және 16-17 жас аралығында өнер көрсеткен Ақтаудан келген Аружан Аишиева;

65 кг салмақ санатында және 14-15 жас аралығында өнер көрсеткен Ақтаудан Сұлтан Саумбаев Қазақстанға екінші орын әкелді.

Чемпионатта үшінші орынды маңғыстаулық екі спортшы алды:

60 кг салмақ санатында және 14-15 жас тобында өнер көрсеткен Гүлназ Ізтанатова;

75 кг дейінгі салмақ санатында және «ерлер» жас тобында өнер көрсеткен Берекет Нұрбаев.