Көңіл шіркін шексіз мұхит секілді. Бірақ оның да сарқылатын, таусылатын кезі бола ма деймін. Бәлкім біреулер: «мынау не деп сандырақтап тұр, көңіл таусылушы ма еді, көңіл қалушы еді ғой. Көңілдің таусылғаны несі» деп уәж де айтар. Бәлкім солай да шығар. Бірақ маған қазіргі қазақ өмірінде жүріп жатқан өзгерістер көңілдің тақа таусылмаса да азая түскенін, суала түскенін білдіретіндей сезіледі. Мұны, әсіресе өткен мен қазіргіні салыстырған кезде айқын көруге болады. Мәселен, кезіндегі қазақ көңілімен бай қазақ еді. Оның көңіл кеңдігі өзінің шетсіз-шексіз сайын даласындай, ал тазалығы көк аспанындай болатын. Сол көңіл қазір бар ма? Жоқ секілді...

Қазіргідей қолдан жасалған материалдық игіліктердің әр шаңыраққа дендей еніп, дүниені басып қалуы да қазақта бұрын-соңды болмаған құбылыс. Осы құбылыс етек алған сайын қазақ көңілінің тарыла және кірлей түскендігін көріп отырмыз. Бәлкім, мұның өзі халқымыздың материалдық игіліктерді игерудегі тәжірибесінің аздығынан туындаған келеңсіздік болар. Уақыт өте келе, материалдық құндылықтарды ертерек игерген өзге халықтардан үйрене келе біз де екі жағын тең ұстайтындай дәрежеге жетерміз.
Негізі көңіл адаммен бірге пайда болған дүние. Адамдардың бірін-бірі жақын тартуына, қауымдасып өмір сүруіне, ортада махаббаттың пайда болуына сезім мен көңілдің әсері бірдей. Бұл екеуі адаммен бірге жаралған инстинктік қабілет. Міне, осы тұрғыдан алғанда көңіл мен өмірді егіз деуге де келеді.
Бірақ та қазір бізде ғана емес, жалпы адамзат қоғамында табиғи дүниелерге қарағанда, адам қолымен жасалған материалдық құндылықтардың алға шығып кетуі белең алуда. Онсыз қазіргі адамзат өмірін елестетудің өзі мүмкін емес. Өмірді өркениеттің билеп тұрғандығын көреміз. Әрі-беріден соң адам өмірінің өзі сол материалдық игіліктерге әбден мәжбүр болып қалғандығын да байқаймыз. Қазір қайда барсаң да жылтыраған материалдық игіліктер алдыңнан шығады. Қалалардағы сәнді ғимараттар, неше түрлі супермаркеттер, жиhаздар, жарқ-жұрқ еткен машиналар, киім-кешектер күйінде шығады.
Өкінішке қарай, осындай жағдайлар ықпалымен елімізде – материалдық әлем қоршауындағы өмірде көңілі таза сақталған адамды кездестіру қиындап барады. Адамға тән шынайы көңіл, ізгі ниет, адамгершілік сезім, бұлардың бәрі материалдық өмірдің тасасында қалғандай.
Ал енді осы материалдық игіліктерге ие болған адам баласы бұрынғыға қарағанда бақытты бола түсті ме? Ол шынайы рахатты бастан кешу үстінде ме? Мұны айту қиын. Өйткені оған әркім әртүрлі жауап беруі мүмкін. Қазіргі қоғамда неше түрлі философиялық ағым бар. Бақыттың өзін олар әртүрлі қырынан қарастыруы мүмкін. Бірақ менің ойымша, қазіргі материалдық игіліктердің өзі егер тұмса табиғаттың өзіндей таза көңіл болмаса немесе оның өмірдегі орны азайса, адамды шынайы бақытқа жеткізе алмайтындай. Тіпті бақытсыз ете түсетіндей. Өйткені адам баласы, қашанда болсын, бірінші кезекте көңілімен бақытты ғой.
Осы ретте әлемге танымал саясаткер, АҚШ дипломаты Генри Киссинджер айтыпты деген мына сөз кімді де болсын ойландыратыны анық:
«Қазіргі заманның адамдарында бәрі де бар деп те және ештеңе де жоқ деп те айтуға болады. Себебі бізді ештеңе қуандырмайды, біз шынайы бақытты емеспіз. Ал кеңес адамы болса джинсы, туалет қағазы немесе ысталған шұжық секілді қарапайым заттардың өзіне шын көңілден мәз болатын. Сондықтан кеудесін кере тыныстап, толыққанды өмір сүре алды. Біз оларға жалтыраған аста-төк заттардың арғы жағында капитализмнің жыртқыштық заңдары жасырып тұрған әлемнің есігін аша отырып, адамгершілік сипаттарының бұзылуына себепші болдық... Оларда махаббат бар еді, бізде тек секс. Оларда шынайы адами ризашылық болды, бізде тек ақша. Міне, осылай барлық жағынан жалғастыра беруге болады. Мені социализмге табынушы деп айту қиын, мен батыстық ойлау жүйесіндегі Батыс адамымын. Бірақ мен Кеңес Одағында homo soveticus деп атауға лайық жаңа адам пайда болып еді деп есептеймін. Бұл адам біздегілерден бір саты жоғары тұрып еді. Ең өкініштісі сол, біз адамзаттың осы бір тұмса қорығын талқандадық. Бұл, бәлкім, біздің ең үлкен қылмысымыз да шығар», депті Генри Киссинджер.
Иә, жер бетінде тұщы судың азайып, ауаның былғануы секілді адамның рухани жан-дүниесінде де өзгерістер жүріп жатқандай. Су тапшылығы секілді көңіл тапшылығы келе жатқандай. Тіпті бұл екеуі бір- бірімен тығыз байланысты да шығар?!
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 11:50
Ислам ойындарында Қазақстандық жүзуші алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Коронавирустан емделіп жатқан 9 науқастың жағдайы өте ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:45
1737 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 10:10
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Бір тәулікте 1239 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар