Орал қаласына Pfizer компаниясы өндіріп шығарған «Комирнати» вакцинасының 29 250 дозасы жеткізілді. Қазір екпе медицина ұйымдарына таратылуда. «20 қарашадан вакциналау басталады» деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова.

Пандемия басталғалы бері Батыс Қазақстан өңірінде 39 503 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған екен. Індетті жұқтырғандардың 93,3-%-ы, яғни 36 856 адам жазылып шыққан. Соның ішінде 14 931 адам инфекциялық стационарларда ем алып шықса, 21 925 адам амбулаториялық деңгейде емделіпті. Соңғы есеп бойынша COVID-19-дан барлығы 832 адам көз жұмған. Олардың 663-і биыл қайтыс болған.
Жоғарыдағы деректерді жариялаған облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Әбдірахманова жедел жәрдем стансасына бір аптада орта есеппен 6 мыңға жуық қоңырау түсетінін, соңғы тәулікте 1 171 шақырту түсіп, оның 101-і коронавирусқа қатысты болғанын айтты. Соңғы бір күнде 15 адам стационарға жатқызылған.
Әрине, кейінгі кезде өңірде індеттің беті қайтқандай. Облыс «жасыл аймаққа» ауысып, карантин талаптары жеңілдеді. Бүгінде облыста жалпы саны 821 төсектік орын 16 стационарда 142 адам ғана ем алып жатыр. Бұл көрсеткіштер өңірде эпидемиялық ахуалдың сауыға бастағанын көрсетеді. Әрине, бұл алдын ала профилактика – екпе жұмысының ұйымшылдықпен жүруіне де байланысты. 19 қараша күнгі мәліметке қарағанда, облыста 246 010 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін алған екен. Соның ішінде Спутник V вакцинасын – 176 537 адам, QazVac вакцинасын – 16 349 адам, Hayat-Vax вакцинасын – 24 984 адам, Corona-Vac вакцинасын – 7 719 адам, Vero Cell вакцинасын 20 421 адам алған. Барлығы 226 260 адам вакцинаның қос компонентімен егілген.
«Pfizer компаниясы өндіріп шығарған «Комирнати» вакцинасының 29 250 дозасы облысымызға жеткізілді. Қазіргі уақытта МСАК ұйымдарына вакцинаны бөліп тарату жүргізілуде. Енді вакциналау басталады», деді Гүлнәр Мақсотқызы.
Батыс Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, облыста соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 13%-ға (207-ден 180-ге) төмендеген.
Дегенмен, білім нысандарында коронавирус тарау оқиғасы кездеседі. 1 қарашадан бері оқушылар арасында – 69, педагогтер арасында 11 адам вирус жұқтырған. Сонымен қатар арнаулы орта оқу орындарының 6 студенті, жоғары оқу орындарының 8 студенті ауырған екен.
Қауіпті індет бойынша күрделі жағдай қалыптасқан Ресей Федерациясымен арадағы мемлекеттік шекара да мұқият бақылауға алынған. Мәселен, 1 қарашадан бері шекарадан COVID-19 анықтамасынсыз өткен 545 жолаушы, 592 жүргізуші тексеріліп, 4 адамның ауырғаны анықталған. Олар бірден оқшауланып, тиісті шаралар жасалған.
Коронавирустың жаппай таралу жолдарын кесу үшін мониторингтік топтар қызметін жалғастырып, соңғы апта ішінде 59 рейд жүргізген екен. Тексерілген 611 нысанның жетеуі карантиндік шараларды сақтамағаны анықталып, шара қолданылған. Сондай-ақ Ashyq қосымшасы 1 қарашадан бері облыста санитарлық-карантиндік режімді бұзған 51 оқиғаны анықтаған. Осылайша «қызыл» мәртебесі бар 44 адам, «сары» мәртебелі 7 адам жазаға тартылған. Өңірде 10 маусымнан бері осындай Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 425-бабы 1-бөлігін бұзған жеке тұлғаларға 166 хаттама толтырылып, 7 234 160 теңге айыппұл салынған екен.
Батыс Қазақстан облысы
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Кеше
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Кеше
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Кеше
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Кеше
Кино • Кеше
Теннис • Кеше
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Кеше
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Кеше
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Кеше
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Кеше
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар