Қоғам • 23 Қараша, 2021

Қазақстан биыл экспортқа 10 мыңға жуық көлік шығарды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан биыл экспортқа 10 мыңға жуық көлік шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан биыл экспортқа 10 мыңға жуық көлік шығарды

Бұл туралы Kolesa.kz  жазады.

Жаңа машина тапшылығына қарамастан, елдегі автонарық жақсы нәтиже көрсетуде. Жыл басынан бері 96 836 дана жаңа көлік сатылды, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 31.9 %-ға артық. Ал Қазақстанда құрастырылған автокөліктер үлесі 70 %-дан асқан.

Ұлттық статистика бюросының есептеуінше, елде өндірілген автокөліктердің (71 245 дана) жалпы құны 557 миллиард теңге болды. Жеңіл автомобиль өндірісімен қатар экспортқа шығатын көлік саны да артып келеді.

«Қазақстан автобизнес ассоциациясы (ҚАБА) хабарлағандай, 2021 жылдың он айында автомобиль экспорты 61 %-ға өсіп, жалпы сомасы 64.1 млрд теңге болатын 9694 машина шетелге кетті. Яғни 149 млн АҚШ доллары Қазақстан қазынасына құйылды», делінген ақпаратта.

Шетел асатын көліктің көбі бұрынғыдай «СарыарқаАвтоПром» зауытында жасалады, Қостанайда өндірілген Chevrolet мен JAC Ресейге сатылады. Ал Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan Беларусь пен Өзбекстанға Hyundai модельдерін шығарады. Биыл Қазақстан көрші елдерге 3977 дана Chevrolet, 3463 Hyundai және 2254 JAC (лифтбэк және кроссовер) жіберді.