Теннис • 23 Қараша, 2021

Өз орындарын сақтап қалды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен ерлер мен әйелдер ара­сындағы әлемдік рейтинг қайта жа­ңарды. Қазақстанның ең үздік ойын­шылары үздіктер тізіміндегі өз орындарын сақтап қалды.

Өз орындарын сақтап қалды

WTA рейтингінде Елена Рыбакина 14-орын­да тұр. Бұл – отандастарымыздың ара­сындағы ең үздік нәтиже. Юлия Путинцева 42-орынға жайғасса, Зарина Диас 100-сатыға табан тіреді. Әйелдер арасында аус­тралиялық Эшли Барти алдына жан салар емес. Екінші және үшінші орындарда – белоруссиялық Арина Соболенко мен испаниялық Гарбинье Мугуруса. Одан кейінгі сатыларға чехиялық Каролина Плишкова мен Барбора Крейчикова, грекиялық Мария Саккари, эстониялық Анетт Контавейт, испаниялық Паула Бадоса, польшалық Ига Швентек және тунистік Онс Жабер жайғасқан.

АТР рейтингінде сербиялық Новак Джо­ковичке жуық арада ешкімнің жете алмайтыны анық. Сондай-ақ «ТОП-10» теннис­шінің қатарына Даниил Медведев (Ресей), Александр Зверев (Германия), Стефанос Циципас (Грекия), Андрей Рублев (Ресей), Рафаэль Надаль (Испания), Маттео Берреттини (Италия), Каспер Рууд (Норвегия), Хуберт Гуркач (Польша) және Янник Синнер (Италия) еніп отыр. Жерлестеріміздің арасында ең үздік көрсеткіш Александр Бубликке тиесілі. Ол 36-орынды иеленуде.