Футбол • 23 Қараша, 2021

«Шахтер» финалда ойнайды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан кубогының жар­тылай финалдық сайыстары аяқ­талды. Соңғы матчта «Тобыл» өз ала­ңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдады.

«Шахтер» финалда ойнайды

Аталған командалар арасындағы алғашқы ойын өте қызықты өтіп, «Шахтер» 5:2 есебі­мен жеңіске жеткен еді. Қостанайда да кен­шілер қаласынан келген жігіттер өздерінің мықтылығын мойындатып, алаң иелерінің қақпасына жауапсыз екі гол соқты: 35-минутта Павел Назаренко нысананы дәл көздесе, араға төрт минут салып Мартин Тошев допты торда тулатты. Есеп – 0:2. Одан кейін екі команда тарапынан бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырылғанымен, таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Осының алдындағы екі кездесудің қоры­тындысы бойынша «Қайрат» «Аста­наның» тас-тал­қанын шығарғаны белгілі. Есеп – 6:0. Міне, енді «Шахтер» жеңіске жетіп отыр. Сөйтіп, Қа­зақстан кубогының финалдық сайысы қа­ра­ғандылықтар мен алматылықтар арасында өтеді.