Үкімет • 23 Қараша, 2021

Қазақстанға Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы әкелінді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілді

«Халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жалғасуда. 1-компонентті 8,7 млн адам алды. Бұл тиісті ересек халықтың 76%-ын немесе 46%-ын құрайды. Екінші компонентті 70% немесе жалпы халық санының 42,2%-ын қамтитын 7,9 миллионнан астам адам салғызды. Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келіп түсті. Бүгінгі таңда 35 012 адам, оның ішінде 26 354 бала және 8 658 жүкті және бала емізетін әйелдер екпе алды», деді ведомство басшысы.

Министр аталмыш вакцинаның түрін жеткізу апта сайын жалғасатынын атады.

«Тұмауға қарсы вакцинация іс жүзінде аяқталды. 2 миллион 500 мыңнан астам адам немесе халықтың 99,3%-ы екпе алды. Жалпы халықтың 13%-на және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы талап ететін деңгейге (кемінде 10%) жетті», деді Алексей Цой.