Америкалық боксшы келесі жекпе-жегінде отандасы Джермалл Чарломен жұдырықтасқысы келеді. Былғары қолғап шебері Чарлоны твиттер арқылы шайқасқа шақырды.
«Мен саған келе жатырмын, Чарло! Уақыт таяп қалды. Енді сен ешқайда қашып кете алмайсың», деп жазды Андраде қарсыласының шамына тиіп.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кезекті кездесуінде француз Хассан Ндам Нжикамды техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Жәнібектің жарқын жеңісінен кейін оның менеджері Эгис Климас бүкіләлемдік бокс ұйымына қазақ оғланын Андраденің міндетті қарсыласы ретінде белгілеу туралы хат жолдаған еді. Алайда әзірге Андраденің өзі Әлімханұлын елер емес.