23 қараша күні сағат 13:45-тен бастап «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолының 129-191 шақырымында, яғни Риддер қаласы мен РФ шекарасы арасындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.
«Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады», делінген министрлік хабарламасында.