Спорт • 23 Қараша, 2021

Үстел теннисінен әлем чемпионаты алғаш рет Америкада өтеді

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін АҚШ-тың Хьюстон қаласында үстел теннисінен әлем біріншілігі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үстел теннисінен әлем чемпионаты алғаш рет Америкада өтеді

Аталған әлем біріншілігі алғаш рет жаңа форматта өткізілгелі отыр. Чемпионатқа құрлықтық және аймақтық іріктеулерде өткен 128 спортшы (жекелей сын) және 68 жұптық сында өнер көрсететін спортшылар бақ сынайды. 

Айта кетелік, үстел теннисінен әлем чемпионаты алғаш рет Еуропа мен Азия аймағында емес, Америкада өткелі жатыр. 

Чемпионатты өткізу құқығына Хьюстоннан бөлек, Марокконың Агадир қаласы да үміткер болған.