Аймақтар • 23 Қараша, 2021

Ақтөбеде өртенген гараждан ер адамның мәйіті табылды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде өртенген гараж ішінен адам мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде өртенген гараждан ер адамның мәйіті табылды

Осы жылдың 22 қарашасында 00:05-те Ақтөбе қаласы ПБ Жедел басқару орталығының «102» пультіне Асау-Барақ көшесіндегі жеке үйлердің бірінде гараждың өртенгені туралы хабарлама  түскен.

Шақырту орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде 59 жастағы үй иесінің мәйітін тапты. Өрт жылытқыш құрылғыдан шыққан деген болжам бар. Сараптама тағайындалған.