Әлем • 23 Қараша, 2021

Канадалықтар Uber арқылы марихуанаға тапсырыс бере алады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Uber Eats азық-түлік жеткізу қызметінің канадалық өкілдігі және Tokyo Smoke сатушы компаниясы өзара келісімшарт жасасты. Енді осы келісімшарттың арқасында Онтарио тұрғындары марихуана есірткі затына тапсырыс бере алады, ал курьерлер «тауарды» үйдің есігіне дейін жеткізіп береді, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Канадалықтар Uber арқылы марихуанаға тапсырыс бере алады

Енді ересек канадалықтар жақын маңдағы Tokyo Smoke дүкенің тауарларына Uber Eats қосымшасы арқылы тапсырыс бере алады.

«Серіктестік елдегі каннабисті заңсыз сатумен күресуге көмектеседі», дейді Uber.

Канадада марихуана 2018 жылы рекреациялық мақсатта заңдастырылды. Алайда, бүгінгі таңда елде заңсыз өндірушілер каннабис нарығының 40%-дан астамын бақылайды.