ЮНИСЕФ–тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен және БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори Түркістан қаласындағы бірқатар медициналық мекемеде олардың қызметімен және ЮНИСЕФ жобаларын қала мен өңірде енгізу нәтижелерімен танысу мақсатында барды, деп жазады Egemen.kz.

Сапар бағдарламасына Түркістан облысы әкімінің орынбасыры Рашид Аюповмен ресми кездесіп, қалалық емханаға, балалар ауруханасына және балалар жасындағы ауруларды біріктіріп қарау жөніндегі ресурстық орталықты аралады.
«Біз Түркістан облысымен білім беру және денсаулық сақтау саласында көптен бері ынтымақтасып келеміз. 2019 жылы ЮНИСЕФ Түркістан облысына жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделін әзірлеу мен енгізуде қолдау көрсетті. Осы бағдарламаның арқасында бес жасқа дейінгі балалары бар аналар мен отбасыларға күтімді жақсарту үшін патронаждық медбикелер мен әлеуметтік қызметкерлердің мүмкіндіктері кеңейтілді. Мен бүгін бағдарламаның сапалы жұмыс істеп, отбасыларға көмектесетініне жеке көз жеткізе алғаныма өте қуаныштымын», деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен.
Білім беру саласында ЮНИСЕФ мемлекеттік және халықаралық әріптестермен бірлесіп, GIGA-ның ауыл мектептерін интернетке қосу жөніндегі жаһандық бастамасын іске асыруда. Дүйсенбіде ЮНИСЕФ делегациясы бастамаға қатысатын Түркістан облысының бес мектебінде болды. Айдың соңына дейін облыстағы 38 мектептен жиырма мыңға жуық оқушы интернетке қол жеткізеді.
«COVID-19 індетінің нәтижесіндегі қазіргі жағдай бізге балалар мен олардың қауымдастықтары үшін инклюзивті байланыс, онлайн оқыту және басқа да бастамалардың және экономиканы ынталандырудың маңыздылығын көрсетті. GIGA бастамасы арқылы біз ешкімді қалдырмай ең осал балалар мен қауымдастықтарға қол жеткізуіміз керек. Сандық теңсіздікті жою жаһандық ынтымақтастықты, көшбасшылықты және қаржы мен технологиядағы инновацияны қажет етеді», деді БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори.
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Ұқсас жаңалықтар