Кеншілер астанасында Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл конкурсқа барлығы 40-қа жуық үміткер өз жұмыстарын ұсыныпты. Жалпы осымен алтыншы рет өткізіліп отырған байқауда әр жылды қоса алғанда 16 мен 35 жас аралығындағы барлығы 300-ден астам жас қаламгер бақ сынаған екен.
Марапаттау рәсімінің шымылдығын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкен құттықтау сөзбен ашқаннан кейін, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері кезек-кезегімен аталды.
Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жансая Жарылғапов төрағалық ектен қазылар алқасының шешімімен Ақселеу Сейдімбек атындағы Бас жүлдеге ақын, журналист, «Arda Media Group» орталығының директоры, жеке кәсіпкер Асхат Қажытай лайықты деп танылды.
Жас жазушылар арасындағы сында Жезқазған қаласындағы «Қоңыр самал» ЖШС атқарушы директоры Бақтияр Тұрсыновқа бірінші жүлде бұйырды. Қарағандыдағы Bolashaq академиясының студенті Күннұр Қабай екінші, ал облыс орталығындағы №10 ЖББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекзат Алтынбек үшінші орынға ие болды.
Жас көсемсөз шеберлері арасындағы сайыста «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі Мақсат Күземхан топ жарды. Облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің тілшісі Ербол Ерболат екінші жүлде иегері атанса, Шахтинск қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Ислам Бахатбек үшінші жүлдені місе тұтты.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған байқаудың марапаттау кеші арнайы концерттік бағдарламаға ұласып, онда облыстың өнерпаздары Ақселеу Сейдімбектің «Сарыарқа», «Дәурен-ай!» әндерін шырқап, «Қосбасар» күйін орындады.
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Қазақстан • Кеше
Театр музейінің тамаша табыстары
Театр • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Кеше
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Кеше
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Кеше
Руханият • Кеше
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Кеше
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Кеше
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Кеше
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Кеше
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Кеше
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Кеше
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Кеше
Экономика • Кеше
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Кеше
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Кеше
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Кеше
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Кеше
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар