Әлем • 24 Қараша, 2021

Мереке кеші қанды оқиғаға ұласты

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Уи­с­консин шта­­­­тында рож­дес­тволық ше­ру кезінде көлік соқ­ты­ғы­сып, нәтижесінде, 5 адам қаза тауып, 40 кісі жараланды.

Мереке кеші қанды оқиғаға ұласты

Уокеша қаласының басшысы Шон Рейлли журналистерге «Мереке күні қалада қорқынышты әрі жан түршіктірерлік оқиға болды» деді. Сонымен бірге қуанышты бөлісуге жиналған жұртшылықтың ақыр соңында жарақат пен қайғыға душар болғаны өкіншті екенін айтты.

Уокеша Полиция басқармасының басшысы Дэн Томсон күдіктінің қолға түскенін хабарлады. «Қала ортасында өтіп жатқан шеруге басып кірген жол талғамайтын көліктің жүргізушісін анықтадық. 20-дан астам адамның жарақаттанғаны белгілі болып отыр», деді полиция өкілі журналистерге.

Оқиғаның террористік актіге қатысы бар-жоғы әлі анықталмады. Дегенмен әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларда көліктің ондаған адамды әдейі басқаны анық көрінеді. Одан кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқ атып, көлік шектеулердің біріне соқтығысады.

Қаланың бас прокуроры Джош Каул Twitter-дегі парақшасында «Уокешадағы оқиғаға қатысты «сұмдық» дегеннен басқа сөз жоқ» деп жазады. Сонымен қатар кінәлілер толықтай заң алдына жауап беретініне сенімді екенін білдірді.