Елорда • 24 Қараша, 2021

Made in Nur-Sultan өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

249 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен елордада алғаш рет «Бастау Бизнес» жобасы түлектері өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары елордада өндірілетін тауарларды көріп, сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңкеде зергерлік бұйымдар мен киім-кешек, тоқыма тауарлары, ойыншықтар, картиналар, кәдесыйлар және басқа да өнімдер ұсынылды.

Made in Nur-Sultan өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

«Бастау Бизнес» жобасы Нұр-Сұл­тан қаласында 2019 жылдан бас­тап «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қам­­ту және жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың 2017-2021 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарламасы шең­берінде іске асырылуда. Үш жыл ішінде кәсіпкерлік негіздеріне 6,2 мыңнан аса адам оқыды. Жоба түлектері 1,7 мыңнан аса жаңа кәсіп­керлік субъектіні ашты, 3 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды», деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

2019-2021 жылдары 2 061 қаты­сушы жобасын жүргізуге қаржы­лан­дыру алды, оның ішінде 1 957 адам 200 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттар, 59 түлек 2-5 млн теңгеден басталатын гранттар алып, жобаның 47 қатысушысы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы қаржыландырылды. Мысалы, жоба түлегі Әлия Тоқтанаева 200 АЕК кө­лемінде грант, сонымен қатар «Биз­нестің жол картасы-2025» мем­лекеттік бағдарламасы аясында 5 млн теңге грант алды. Осы қара­жатқа кәсіпкер балаларды дамытатын ағаш ойыншықтардың өндірісін жолға қойды. Келесі түлек Алмаш Керейбайқызы грант қаражатына (200 АЕК) киізден жасалған бұйымдар: ерлер мен әйелдер бас киімін, күртеше, етік өндірісін іске қосты.

Кәсіпкерлік негіздерін мүмкіндігі шектеулі адамдар да оқып жатыр. Мысалы, Сұлушаш Ахметжанова «Бастау Бизнес» жобасында білім алып, 200 АЕК грант ұтып алып, төсек-орын жабдықтарын, көп рет қолданылатын маскаларды тігетін шағын тігін шеберханасын ашты. Жұмыста оған қызы Соня көмектеседі, өйткені кәсіпкер әйелдің есту және сөйлеу қабілеті нашар.

«Бұған дейін үй шаруашылығын­да отырдым, жастық шағымда тігін­ші болып жұмыс істегенмін. «Бастау Бизнесте» оқу туралы маған қы­зым айтты. Осы жылы бар күш-жігері­міздің арқасында біз оқу оқып, грант­ты қорғап шықтық. Басында, әри­н­е, алаңдаушылық болды. Өйткені көп жыл бойы жұмыс істемедім. Бү­гінде ақырын қадам басып, алға ұм­тылып келемін. Мен өз ісін ашқысы келетіндердің барлығына оқудан өтуге кеңес берер едім. Сіз оқудан көп нәрсені үйренуге мүмкіндік аласыз», деді С.Ахметжанова.

Тағы бір қатысушы Әсел Әбдірах­манова мүмкіндігі шектеулі жандар­ға арналған баспана ашты. Баспагер аузымен немесе аяғымен боял­­ған су­реттерді сатады.

«Жоба бойынша оқып, грант алып, суб­лимацияға арналған принтер, тер­мо-пресс сатып алдым. Суреттер мен шо­перлерден басқа, біз қолдан жа­салған қуыршақтарды, полимерлі балшықтан жасалған бұйымдарды сатамыз. Осының барлығы – авторлық жұмыс», дейді Әсел.

Сонымен қатар жәрмеңкеге келген жандар құрамында ақ қант пен глютені жоқ пайдалы шоколадтың дә­мін татып, сатып алды. Оны елордада екінші жыл қатарынан Махаббат Қозжанова өндіруде. Ол алдымен тәттілерді үйде жасаған, содан кейін хоббиді бизнеске айналдыруды шешкен.

«Шоколад тек үш ингредиенттен жасалған: какао майы, үгітілген табиғи какао және қанттың орнына топинамбур шәрбаты. Мен гранттық қаражатқа өздігінен ұн жасау үшін блендер сатып алдым. Қазір өз өнім­дерімді қаладағы барлық эко-дүкен­дерге, кофеханалар мен пайдалы тамақтану кафелеріне жеткіземін. «Бастауда» оқу маған өз ісімді бастауға көмектесті. Өйткені мен ұзақ уақыт бойы шешім қабылдай алмай жүрген едім. Баршаңызға кәсіпкерлікті тану үшін оқудан өтуге кеңес беремін», деп атап өтті Махаббат.

Рахима Омарова – бизнесті кез келген жаста бастауға болатынының айқын дәлелі. Ол – 68 жаста. Құрақ-көрпені және басқа да ұлттық нақыш­тағы тоқыма өнімдерін тігеді. Бұл бизнеспен екі жыл бойы қызы Гүлсіммен бірге айналысуда.

Жәрмеңкенің салтанатты ашылуына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер ­палатасы басқарма төрағасының бірін­ші орынбасары Нариман Әбілшайы­қов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслиха­ты­­ның хатшысы Ерлан Қаналимов, Nur Otan партиясы қалалық филиа­лы төр­ағасының бірінші орынбасары Сақ­таған Сәдуақасов, Нұр-Сұлтан қа­ла­сы халықты жұмыспен қамту орта­лығының директоры Азамат Байтасов және қала әкімдігінің бірқатар бас­­қар­ма басшысы қатысты.