Хоккей • 24 Қараша, 2021

Таңдау Михайлиске түсті

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі жылдың 15-16 қаңтары күн­дері Ресейдің Челябі қаласында Құр­лықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) ең үздік ойыншылардың қатысуымен «Жұлдыздар матчы» өтеді.

Таңдау Михайлиске түсті

Бүгін жанкүйерлер арасында жүргізілген сауалдаманың нәтижесі белгілі болып отыр. Сол бәсекеде «Барыстың» шабуылшысы Никита Михайлис те өнер көрсетеді. 26 жастағы Қарағанды хоккей мектебінің түлегі кезінде республикамыздағы түрлі клубтардың жейдесін киді. Жасөспірімдер мен жастарды қоса алғанда, бес бірдей әлем біріншілігінде бақ сынады. 2014 жылдан бері ол елордалық клубтың сапында. Айтулы додада жерлесіміз «Еуразия» командасының намысын қорғайды. Осы­лайша, Никита «Жұлдыздар матчына» алғаш рет қатыспақ.

Сондай-ақ кеше аккредиттеуден өткен БАҚ өкілдері арасында сауалдама жүргізіле басталды. Журналистердің үш ойыншыны таңдауына құқы бар. Қалғандарын ҚХЛ-дың өзі толықтырады. Сөйтіп 44 хоккейші ірік­тел­геннен кейін «Солтүстік Америка», «Еу­ра­зия», «Скандинавия» және «Ресей» командалары арасындағы бәсекелерді тамашалаймыз.