Жақында Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Астана Балет» театрында белгілі хореограф Василий Медведевтің редакциялауымен Рикардо Дригоның музыкасына жазылған «Раушан гүлі мен көбелектің романы» атты бірегей балеттің әлемдік премьерасы қойылды.

Қазақ ұлттық хореография академиясы Temps lié II кәсіби хореографиялық оқу орындарының халықаралық фестивалін көрнекті балетмейстер Мариус Петипаның «Кішкентай жауһар» аталған спектаклімен ашуының маңызы ерекше. Аталған академияның ректоры Алтынай Асылмұратова әлемдік деңгейдегі балеттің ерекшелігіне тоқтала келіп: «Мариус Петипаның осы соңғы туындысы үлкен театрлар сахнасында қойылмаған, бірақ ол туралы естелік сақталған. Міне, ғасырдан астам уақыт өткен соң көптеген талантты адамның күш-жігерінің арқасында біз осы спектакльді қайта жаңғыртып, көрермен қауымға сыйға тартып отырмыз», деп атап өтті.
Балет либреттосын хореограф Василий Медведев пен Яна Темиз − Иван Всеволожскийдің түпнұсқалық либреттосы негізінде қайта жасаған. Балет хореографиясы іс жүзінде жоғалып кеткендіктен, оны талантты хореограф Василий Медведев елімізде сахналау үшін қайта әзірледі. Оркестр партитурасының авторы, музыкант әрі музыкалық өңдеуші Дәулет Шәкіров. Қойылымға арналған костюмдерді Император театрларының директоры Иван Всеволожскийдің эскиздері негізінде суретші Наталья Протасова дайындаса, сценография авторы Жандос Омаров.
«Бұл балетте мен классикалық бидің барлық түрлерін көрсетуге күш салдым, атап айтсам, үлкен ансамбльдер, па-де-сиз, па-де-катр, па-де-труа, адажио, вариациялар. Мен балеттің әдемі, серпінді және заманауи болып шығуын қаладым. Петипаның да жүз жылдан астам уақыт бұрын жасалған кез келген балетті қоюы да екіталай еді. Өнер дамып келеді, бұл жанды және үздіксіз процесс» дейді қоюшы-хореограф Василий Медведев.
Ал әртістермен бірлесіп жұмыс жүргізген, қоюшы-хореографтың ассистенті Станислав Фечоның сөзіне зер салсақ, ол ұмытылған балеттерді қалпына келтіру – хореограф үшін үлкен тәжірибе екендігін айтады.
«Раушан гүлі мен көбелектің романы» − бұл ұлы хореографтың шығармашылық мұрасын сақтаудың, оны неоклассикалық рухта қайта ойластырудың үлгісі деймін. Сондықтан оны әлемдік балет өнерінің дамуына қосқан үлес деп білемін. Дәлірек айтқанда, Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары және талантты жас орындаушылармен жұмыс – ескілік пен жастық шақтың ғана емес, балет өнерінің өткені мен болашағының символдық үйлесімі болды» деді ол.
Өнерсүйер қауымды қуанышқа бөлеген қойылымға Қазақ ұлттық хореография академиясының ұстаздары мен оқушылары қатысып, ондағы басты партияларды – Камила Шахманова, Хван Амир, Амина Кисембаева, Лимара Айдарова және Алина Зырянова шебер орындады. Қысқасы, эмоциялық әсерге толы тамаша орындау техникасы жас балет әртістеріне сахнада ұмытылмас бейнелер жасауға мүмкіндік берді.
Спортты барлық бағытта дамыту қажет
Спорт • Кеше
Экологияның өзекті мәселелері талқыланды
Экология • Кеше
Басылым жағдайын сараптау керек
Пікір • Кеше
Пікір • Кеше
Өңірдің ерекшелігі ескерілуі тиіс
Пікір • Кеше
Мерзімді баспасөз әлеуеті артады
Оқиға • Кеше
Экономика • Кеше
Ауыл • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Медицина • Кеше
Біліктілікті шыңдаған оқу-жаттығу
Оқиға • Кеше
Аймақтар • Кеше
Негізсіз төлем сұрап, жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
Мұхтар Әуезовтің Жапония туралы мұрасының маңызы
Тарих • Кеше
Аймақтар • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Өлең мұрасының өзегі – атамекен
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Тамырлас халық, тағдырлас талант
Өнер • Кеше
Тарих • Кеше
Қазандық инвестордың қамқорлығына өтті
Аймақтар • Кеше
Рудныйдағы жылу магистралінде тағы да жарылыс болды
Қоғам • Кеше
Бокс • Кеше
Тәулік бірнеше секундқа қысқаруы мүмкін
Әлем • Кеше
Өнер • Кеше
«Ұр, тоқпақ!» – қуыршақ театрында
Театр • Кеше
Төрт құраманың жеребесі тартылды
Футбол • Кеше
Хоккей • Кеше
Бірқатар өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі
Ауа райы • Кеше
AusOpen: Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды
Теннис • Кеше
Көкшетау тұрғынынан ақша бопсалаған күдікті анықталды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар