Қазақстан • 24 Қараша, 2021

Ауа температурасы күрт төмендейді

864 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25-27 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа температурасы күрт төмендейді

«Еліміз аумағында күзгі құбылмалылық сақталса да, қыс өз дегенін көрсетіп отыр. Алдағы күндері де кейбір атмосфералық процестер тез алмасатын болады: жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендей бастайды. Қыстың жақындауын Қазақстанның оңтүстік өңірлері де сезінетін болады: онда термометр бағандары түнде 8-13 градус аязға дейін төмендейді», делінген синоптиктер хабарламасында.