Елорда • 25 Қараша, 2021

Елорда әуежайында қар қалыңдығына байланысты бірқатар рейс кешікті

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әуежайында қардың мол жаууына байланысты бірқатар рейс кешіктірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда әуежайында қар қалыңдығына байланысты бірқатар рейс кешікті

«Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты, түнгі сағат 02.30-дан бастап қардың мол түсуіне орай елорда әуежайы ұшып-қону алаңын тазарту мақсатында уақытша жабық болды.

Күн райының бұзылуынан ұшып шығуы тиіс 12 рейс, ұшып келуі тиіс 9 рейс кешігуде (қосалқы аэродромға жөнелтілді). Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының ұшып-қону алаңы сағат 09.00-де қайта ашылды. Жолаушыларға авиакомпаниялардың анықтама қызметтеріне хабарласуды сұраймыз.

Ұшып шығуға кешіктірілген рейстер:

KC956, Алматы

FZ 1706, Дубай

КС 921 Франкфурт

КС 407 Шымкент

DV 741 Ақтау

КС 207 Дубай

КС 981 Атырау

КС 622 Алматы

КС 7315 Қызылорда

SU 1957 Мәскеу

КС 123 Ташкент

КС 977 Ақтөбе.

Ұшып келуге кешіктірілген рейстер:

IQ 386 Қарағанды

DV 722 Ақтөбе

КС 984 Атырау

КС 7328 Шымкент

КС 314 Ақтау

КС 138 Санкт-Петербург

FZ 1705 Дубай

SU 1956 Мәскеу

КС 918 Алматы *

КС (3 цифрлары) - Air Astana

КС (4 цифры) - FlyArystan

IQ - Qazaq air

FZ - Fly Dubai

DV - SCAT

SU - Aeroflot