Елордада «Nur Otan» партиясының қолдауымен Walt Disney Pictures студиясының «Энканто» анимациялық фильмінің премьера алдындағы көрсетілімі болды. Бұл – «Болашақ» қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасы бойынша ең жоғары стандарттар бойынша қазақ тіліне дубляждалып отырған 38-ші кинокартина, деп жазады Egemen.kz.

«Болашақ» қорының қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі Бауыржан Байбек атап көрсеткендей, шетелдік фильмдерді бюджеттен тыс қаражат есебінен мемлекеттік тілге дубляждау – болашақтықтар іске асырған әлемдегі бірден бір жеке бастама. 2011 жылдан бері жобаға 22 демеуші компания қолдау көрсетті, ал барлық 38 фильмді дубляждаудың жалпы құны 1,5 млрд теңгеден астам болды.
«2011 жылы біздің «Өзіңнен баста» атты жобамызды еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолдады. Нәтижесінде, 10 жыл ішінде балалар үшін қазақ тілінде 70 сағаттан астам сапалы контент жасадық. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту қарсаңында біз қазақстандықтарға соңғы жобамыз – «Энканто» атты фильмді ықыласпен тарту етеміз. Осы жылдар аралығында бізге қолдау көрсеткен барлық актерлерге, режиссерлерге, әріптестер мен демеушілерге тағы да үлкен алғысымды білдіремін», деді Бауыржан Байбек.
Оның айтуынша, болашақтықтардың бастамасы «Nur Otan» партясының қолдауымен жалғасын тауып, мемлекеттік тілде сапалы мультимедиалық контент жасау жөніндегі ұлттық саясаттың бір бөлігіне айналады.
«Барша ұлт өкілдерінің өзіндік болмыс-бітімін сақтай отырып, қазақ тілін, мәдениет пен дәстүрді дамыту «Nur Otan» партиясының стратегиялық басымдығы болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен партияның Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасы аясында «Кинематография туралы» Заңға өзгерістер енгізу жоспарланған. Кинотеатрларда қазақ тіліндегі контентті көруге теңдей мүмкіндік беру мақсатында жыл сайын кемінде 15 анимациялық фильм мен отбасылық тамашалауға арналған фильмнің дубляжын қамтамасыз етуге мемлекеттік қолдау көрсету көзделіп отыр», деді ол.
«Уолт Дисней Компани СНГ» компаниясының бас директоры Кахабер Абашидзе «Болашақ» қорын 10 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, компания үшін қазақстандық үкіметтік емес ұйыммен ынтымақтастық орнатып, Қазақстанда бірегей мәдени және әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету зор мәртебе екендігін атап өтті.
«Біз осы елде қазақ тіліне кәсіби дубляж жасаудың қалыптасуына қатысушы болғанымызды мақтан тұтамыз. Бірлескен жұмыстың арқасында ТМД елдері аумағында алғашқы болып киноконцерт форматын ұсынып, оны ТВ-ға көшіргенімізге қуаныштымыз. Сондай-ақ, біз қордың аутистік спектрі бұзылған адамдар үшін қолайлы орта құру жобасымен балалар мен жастарды қолдау жөніндегі әлеуметтік жобасы аясындағы ынтымақтастықты бағалаймыз», деп атап көрсетті өз мәлімдемесінде Кахабер Абашидзе.
Осы жылдар аралығында болашақтықтардың жобасы арқасында қазақ тілі «Walt Disney» компаниясының тарихында 39-шы және екінші түркі тілі болғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, қазақ тілі Шығыс Еуропа мен ТМД елдері үшін шығарылатын голливудтық фильмдердің Blu-Ray-де көруге болатын негізгі 7 тілінің қатарына қосылды. Жобаның арқасында 100-ден астам қазақстандық актер бүгінде «Walt Disney Pictures»-тің дыбыстық базасында тұр, ал шығармашылық және техникалық мамандықтар саласының 203 өкілі «Walt Disney Pictures» студиясының стандарттары бойынша оқудан өтті.
Қазақстан кинотеатрларында «Энканто» 25 қарашада қазақ және орыс тілдерінде шығып, содан кейін IVI және Megogo онлайн-кинотеатрларында қазақ тілінде көруге болатын шетелдік фильмдер коллекциясын толықтырады. «Энканто» – «BI Group» құрылыс холдингінің демеушілік қолдауымен дубляждалып отырған 13-ші фильм.
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 11:50
Ислам ойындарында Қазақстандық жүзуші алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Коронавирустан емделіп жатқан 9 науқастың жағдайы өте ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:45
1737 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 10:10
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Бір тәулікте 1239 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар