Спорт • 25 Қараша, 2021

«Қайрат» бүгін «Базельмен» кездеседі

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 25 қарашада UEFA Конференция лигасы топтық сатысында қазақстандық «Қайрат» бесінші ойынын Швейцарияның «Базель» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» бүгін «Базельмен» кездеседі

Кездесу елорда уақытымен 21.30-да басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын Алматы қаласындағы орталық стадионда өткізіледі. Кездесуде грузиялық Гога Кикачеишвили бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Давит Габисония мен Георгий Эликашвили көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де - сол елдің өкілі Ираклий Квирикашвили.

Екі команда арасындағы алғашқы ойында «Базель» 4:2 есебімен басым түсті. «Базель» клубы 1893 жылы құрылған. Өзінің елінде 20 мәрте чемпион атанған еді. Еурокубок ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді.

Айта кетсек, «Қайрат» H тобында сынға түседі. Қарсыластары - Швейцарияның «Базель», Әзербайжанның «Карабах» және Кипрдің «Омония» командалары. Қазір «Қайрат» өз тобында 1 ұпаймен соңғы орында тұр. «Базель» 8 ұпаймен екінші орында келеді.