«Жедел іс-шаралар жүргізу барысында Нұр-Сұлтан қаласы шіркеулерінің бірінен ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Аталған ұрлық фактісі жайлы полицияға шіркеудің қызметкері хабар берген», делінген департамент мәліметінде.
Ведомство ақпаратына қарағанда, күдікті сағат 13:00 шамасында досымен бірге Күйші Дина көшесінде орналасқан шіркеуге жылыну сылтауымен кірген. Содан үстелдің үстінде тұрған «Самсунг» маркалы ұялы телефонды ешкімге байқатпай ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрайды.
«Ұры дәл сол күні тұрғылықты жерінде ұсталып, қылмысын мойындады. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», деп атап өтті департаменттен.
Бұған дейін елордадағы Серафим ғимабадатханасының бұрынғы күзетшісі сыбайласымен бірге қайырымдылық жәшіктерін ұрлап кеткені туралы хабарланған болатын.