28 Ақпан, 2014

Филиалдар іске кірісті

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыстың он екі ауданы мен Ембі қаласында Ақтөбе облысы кәсіпкерлері палатасының филиалдары  ашылып, өз жұмыстарын бастады. Филиал директорларының тиімді жұмыс істеуі үшін таныстыру семинары ұйымдастырылып, онда олар палатаның негізгі қызмет бағыттарымен таныс­тырылды. Бұдан басқа сарапшылар семинарға қатысу­шыларға блоктар бойынша тұсаукесерлер өткізді. Облыс­тық кәсіпкерлер палатасы әкімшілік бөлімінің бастығы Әира Әбубәкірова жаңадан тағайындалған филиал директорларын жаңа қызметтерімен құттықтап, ортақ істе табыс тіледі. Біздің басты міндетіміз орталықтан шалғайда жұ­мыс істейтін бизнес құры­лым­дарының мүддесін қолдау, құ­қығын қорғау болып табы­лады. Біздің құрылымды  кә­сіпкерлік ортамен және мем­лекеттік органдар ара­сындағы келісім алаңы десе болады. Сіздерге алыс ауылдық жерде кәсіпкерліктің кедергісіз дамуы үшін үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр, деп атап өтті ол. Филиалдар басшылары­на жұмысты ойдағыдай ұйым­дастыру тапсырылды. Олар­ға филиалдарды тіркеу құ­жаттары және жұмыста бас­шылыққа алатын  материалдар үлестірілді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.