Медицина • 25 Қараша, 2021

Елімізде обаның алдын алу бойынша іс-шараларға қойылатын талаптар бекітілді

562 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 17 қарашадағы бұйрықпен инфекциялық аурулардың (оба, тырысқақ) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде обаның алдын алу бойынша іс-шараларға қойылатын талаптар бекітілді

Қағидаларға сәйкес мұндай іс-шаралар қажет болған кезде обаға қарсы күрес станциялары, ал олар болмаған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдарға консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді.

Санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде ЕАЭО өнімдерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарын пайдаланады.

Оба кезіндегі әрекеттер

Обаның табиғи ошақтарындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.

Оба бойынша энзоотиялық аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар штат персоналы мен тартылған адамдарды обаның табиғи ошағындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, оба ауруына күдік туындаған жағдайда жеке қорғану шаралары мен іс-қимылдар туралы хабардар етеді, сондай-ақ эпидемиялық жағдай туындаған кезде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен және обаға қарсы ұйымдармен бірлесіп аумақтарды санитариялық қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың жедел жоспарларын әзірлейді:

  1. Аумақтың ықтимал қауіптілік дәрежесін ескере отырып, обаға тұрақты санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
  2. Оба бойынша эпидемиялық асқынулар жағдайында медициналық және обаға қарсы станциялардың тұрақты әзірлігін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
  3. Обаның табиғи ошақтарының аумағында тұратын халықтың обамен ауыруының, оны табиғи ошақтардан тысқары жерге шығарудың, шетелден әкелудің және ҚР аумағында эпидемиялық таралудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
  4. Оба ауруының жекелеген және жаппай жағдайлары туындаған кезде күштер мен құралдарды есептей отырып, обаның эпидемиялық ошағын уақтылы оқшаулау және жою жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені;
  5. Оба бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін медициналық ұйымдарды медициналық құралымдарды өрістетуге әзірлікте ұстау;
  6. Обаның эпидемиялық ошағын оқшаулау және жою үшін өрістетілетін мамандандырылған құралымдардың медициналық персоналын даярлау;
  7. баның алдын алу мәселелері бойынша халықтың білімін арттыруға бағытталған санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Медициналық ұйымдар жыл сайын обаға қарсы станциялар анықтайтын эпидемиялық маусым басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей табиғи ошақтың аумағында уақытша немесе тұрақты болатын адамдарды обаға қарсы вакцинациялауды жүргізуі тиіс.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Бұйрық 2021 жылғы 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.