«Статистикаға сүйенсек, облыстағы орташа жалақы 350 мың теңге. Бұл республикадағы орташа деңгейден жоғары. Мұнай-газ саласында басқа салалардан айтарлықтай жоғары жалақы алады. Сондықтан көрсеткіштер осындай», деді Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап беріп.
Бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жалақысы мен тұрғындардың табысы туралы сауалға жауап берген болатын.