Аймақтар • 25 Қараша, 2021

Алматыдағы метро «Алтын Ордаға» дейін созылатын болды

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы метросы «Алтын Орда» базарына дейін созылмақ. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы метро «Алтын Ордаға» дейін созылатын болды

Оның айтуынша, Алматыда салынып жатқан метроның бағыты түзетіледі.

«Енді метрополитен желісі Қалқаман елді мекені арқылы өтпейді. Батыс арқылы, жаңа Наурызбай ауданы арқылы өтеді. Алатау көшесімен төмен түседі. Қосымша екі станция салынады, соңғысы «Алтын Орда» базарына дейін жетеді. Осылайша Наурызбай ауданының батыс бөлігін қала орталығымен байланыстырамыз», деді Серік Құсайынов.

Алматы әкімінің орынбасары Серік Құсайыновтың пікірінше, бұл 150 мың тұрғынға ыңғайлы болмақ.

Достық бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр. Оның техникалық іске қосылуы осы жылдың соңына жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар