Әлем • 25 Қараша, 2021

Кузбасс шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті

1 мин
оқу үшін

Құтқарушылар Кузбасс қаласындағы шахтадан тағы бір кеншінің мәйітін анықтады. Осылайша, ондағы жарылыстан қаза болғандар саны 11 адамға жетті. Бұл туралы Кемерово облысының губернаторы Сергей Цивилевтің Telegram-дағы ресми арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кузбасс шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті

«Жаңа ғана қаза тапқан тағы бір адам туралы белгілі болды. Мерт болғандар саны 11 адамға жетіп отыр», делінген хабарламада.

Үкіметтің ресми сайтынан хабарланғандай, шахтадан барлығы 46 адам, соның ішінде қаза болған 11 адам шыға алмаған, құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Ауруханаларда өндірістік апаттан зардап шеккен 43 адам жатыр, олардың төртеуінің жағдайы өте ауыр, 39 адам жеңіл және орташа ауыр халде. Шұғыл қызметтердегі дереккөз мәліметінше, барлығы 46 кенші зардап шеккен.

РФ Бас прокуратурасының сайтында қадағалаушы ведомствоның шахтадағы төтенше оқиғаны бақылауға алғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10