Қоғам • 25 Қараша, 2021

Х Азаматтық форумның төртінші күні қорытындыланды

142 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

25 қарашада Алматы қаласында «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікке 30 жыл» атты Х Азаматтық форумның төртінші күні өтті. Бұл жолы шара 150-ге жуық делегаттың қатысуымен оффлайн форматта өтіп, әлеуметтік желілерде де трансяцияланды, деп жазады Egemen.kz.

Х Азаматтық форумның төртінші күні қорытындыланды

«Эволюция, инновация, креативтілік» тақырыбындағы форумының төртінші күні «Өзара іс-қимыл эволюциясы: донорлық көмектен толыққанды халықаралық серіктестікке дейін» атты халықаралық конференциямен басталды. Сондай-ақ әлеуметтік серіктестер алаңында азаматтық қоғам, бизнес және квазимемлекеттік сектордың мүдделерін біріктіру мәселелері талқыланды. Ал шара қорытындысында спикерлер азаматтық бастамалардың даму мәселелеріне тоқталды.

Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева өзінің құттықтау сөзінде: «Азаматтық қоғам – бұл жай ғана ҮЕҰ емес, ол – саяси партиялар, діни бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіподақтар. Бірақ Азаматтық қоғамның негізі мен өзегі ол – ҮЕҰ. Себебі олар өздерін көрсету және ойларын айтуға мүмкіндік беріп, сенім білдірген адамдардың мүдделері мен құқықтарын анықтап, қорғап, оларға қол жеткізе білетін, сол жолда өзін-өзі реттей алатын қоғамдық ұйымдар», деп атап өтті.

Бірінші сессия «Өзара іс-қимыл эволюциясы: донорлық көмектен толыққанды халықаралық әріптестікке» тақырыбына арналды. Оған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, Қазақстанның Азаматтық альянсы АҚ президенті  Бану Нұрғазиева, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, РФ Қоғамдық палатасының хатшысы Лидия Михеева, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Диана Дигол, ЭСКАТО-ның Солтүстік және Орталық Азиядағы Субөңірлік кеңсесінің басшысы Николай Помощников, Қазақстан Республикасындағы ЕО Елшісінің орынбасары Мачхей Адам Мадалинский, РФ Президенті Әкімшілігінің өкілі Алексей Власов, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бағдарламалар мен жобалар жөніндегі директоры Исмаил Абделхамид қатысты.

«Қоғамның тұрақты дамуы» тақырыбындағы алғашқы пікірталас барысында Демократия және денсаулық сақтау департаментінің аймақтық директоры Кристиан ФАНГ, “Сорос-Қазақстан” қорының өкілі Аида Айдарқұлова, Роза Люксембург қоры өкілдігінің басшысы Марлис Линке, “Еуразия” Қорының өкілі Азалия Дайирбекова, Америка адвокаттар қауымдастығының өкілі Айгүл Қаптаева сөз сөйледі.

Дискуссия басында сарапшылар азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу тәлімгерлік емес, демократиялық қайта құрудың қалай өтуі керектігі туралы өз көзқарасы мен ұстанымдарын таңу емес, нақты өмірді түсіну және серіктестік бастамаларында болашаққа бағдар алу екенін атап өтті.

Бұл тақырыпты Микаэла Фриберг-Строй жалғастырып, Қазақстанның БҰҰ-дағы рөліне тоқталды: «Қазақстан - БҰҰ-ның өте маңызды мүшесі.  Ол осыған дейін бірқатар маңызды бастамаларға атсалысты. Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу кеңесі құрылғанын түсіну өте маңызды. Себебі бұл елдің осы мақсаттарды жүзеге асыруға ниетті екендігін көрсетеді».

Талқылауға қатысқан спикерлер азаматтық қоғамды бірлескен жобаларды, БҰҰ даму бағдарламалары мен Қазақстан үкіметінің бастамаларын жүзеге асырудағы негізгі әріптес деген пікір білдірді. Кристиан Фанг Қазақстанмен  30 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келе жатқан өзара қарым-қатынас туралы да оң пікір білдірді. 

 «30 жылдан астам уақыттан бері USAID Қазақстан Орталық Азия елдеріне көптеген салалар бойынша үлгі боларлық мемлекетке айналып, аймақтық көшбасшы ел бола алғаны үшін үлкен құрметпен қарайды», деп қолдау білдірді және алдағы уақытта да ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдіретінін жеткізді.

Екінші сессияда Жабайы табиғат қорының өкілі Григорий Мазманянц, Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығының өкілі Зафар Махмудов және Қазақстан экологиялық ұйымдар қауымдастығының өкілі Айгүл СОЛОВЬЕВА қоршаған ортаны қорғау, экологиялық-климаттық қауіптерді азайту мәселесін  талқылады. Пікірталас барысында жануарлар дүниесін сақтау саласы, экологиялық мәселелерді шешу және апаттарға қарсы тұру жобалары сөз болды. Сессияға қатысушылар қазіргі уақытта біздің елде қоршаған ортаны қорғау бойынша 10-нан астам жобаға инвестиция салынғанын атап өтті. Сонымен қатар экологиялық мәселелерді шешуге арналған әртүрлі алаңдар, платформалар мен ұйымдар бар екендігін атап өтті. Биыл еліміз Орталық Азия өңірлік орталығының Басқарушылар кеңесіне кірді. Бұл Қазақстанның жасыл технологияларға көшу бойынша белгілі бір мәселелерде жетекшілік етуге және Орталық Азиядағы тұрақты дамуға, табиғи ресурстарды басқаруға, экологиялық және климаттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесуге дайын екендігін көрсететін сенімді көрсеткіш.

«Аймақтық ынтымақтастықты дамыту» тақырыбындағы кезекті сессияда РФ Қоғамдық палатасының аумақтық даму және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі комиссиясының төрағасы Андрей Максимов, «Север-Юг» саясаттану орталығының директоры Анжелика Трапезникова, Мәскеу қ. М.В. Ломоносов атындағы мемлекеттік университеті Азия және Африка елдері институтының Орталық Азия және Кавказ елдері бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу үкіметі жанындағы Ұлттар кеңесінің мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры Жібек Сыздықова, «Орал-Еуразия» сарапшылар клубының атқарушы директоры Константин Погорельский спикерлер қатарында болды.

Сонымен қатар Х Азаматтық форум аясында ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Қазақстанның Азаматтық Альянсы мен Дүниежүзілік табиғат қорының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі Өкілдіктің бағдарламалары мен жобалары туралы ақпараттық қолдау көрсетіп, тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойды. Бұл бағдарламалар мен жобалар мақсатты тобы Альянс мүшелері болып табылатын БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге ықпал етеді. Сондай-ақ Меморандум өңірлерде ТДМ-ны локализациялауға бағытталған үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты, сондай-ақ іс-шараларды бірлесіп өткізуді мақсат етеді.

Орталық бағдарламалары туралы ақпаратты таратуда қолдау көрсету бойынша ынтымақтастық меморандумына Қазақстанның Азаматтық альянсы мен Кавказ аймағы елдеріндегі ақпараттық және ғылыми байланыстарды дамыту мәселелері бойынша «Север-Юг» саясаттану орталығы» қол қойды. Құжатта атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпаратпен алмасу, Альянсқа мүше үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері үшін бірлескен вебинарлар, дөңгелек үстелдер, форумдар, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, сондай-ақ басқа да азаматтық қоғамның, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпкерлік қоғамдастықтардың және мемлекеттік орган өкілдерінің мүдделерін қорғайтын шараларды өткізу жоспарланып отыр.

Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық альянсы мен «Орал-Еуразия» коммерциялық емес серіктестік сарапшылық клубы» Қостанай облысы Күнтимес ауылында Шоқан Уәлихановтың ашық аспан астындағы мұражайы және «Бабушка Онлайн» адамдарды қолдау сияқты бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. Тараптар бірлескен жоба аясында түрлі байқаулар мен онлайн кездесулер ұйымдастырып, өзара мүдделі салаларда ҮЕҰ мен басқа да секторлардың серіктестігін дамытуға көмектеспек.  

Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық альянсы «Стратегиялық кеңес беру орталығы» автономды коммерциялық емес ұйымымен Келісімге қол қойды. Құжат «Тірі мұра. Қазақстан» жобасын жүзеге асыруға арқау болады.

Стратегиялық әріптестік туралы меморандумға Қазақстанның Азаматтық альянсы мен Алматы қаласының «Алматы креатив» креативті сала кәсіпкерлері қауымдастығы қол қойды. Меморандумның мақсаты – ҮЕҰ мен креативті бағыттағы әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен серіктестік орнату арқылы креативті индустрияны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Тараптар Меморандум Қазақстан Республикасындағы бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды тетігі болады деген пікірде. Сонымен қатар бұл тікелей инвестицияларды тартып, Алматы қаласы көлеміндегі жобаларды ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асыруға негіз болмақ.

Х Азаматтық форумның төртінші күнінің қорытынды тақырыптарының бірі «Мүдделерді біріктіру: азаматтық қоғам – бизнес – квазимемлекеттік сектор» болды. Әлеуметтік әріптестердің басын қосқан кездесуді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас ОРДАБАЕВ жүргізді. Талқылау барысында азаматтық секторды дамытудың негізгі факторы – қоғам, бизнес және квазимемлекеттік сектор арасындағы сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту деп танылып, осы үшін де экономикалық санатта құрылған қоғамдық кеңестердің жұмысына азаматтық сектор өкілдерін қосу ұсынылды.

Өзара пікір алмасқан спикерлер еліміздің бәсекеге қабілетті экономикасын дамыту үшін Үкімет кәсiпорындарды мемлекеттiк қолдауға қатысу, азаматтық сектормен тұрақты негiзде әлеуметтiк әрiптестiкті жүзеге асыру, әлеуметке бағытталған бизнес саясатын жүргiзу сияқты экономикалық бағыттағы критерийлердің бірін таңдауы керек деген ойды ортаға салды. Ал азаматтық қоғам өз кезегінде болашақта азаматтардың мүддесі үшін тиімді ынтымақтастықтың шартына айналатын Қазақстанда қолайлы инвестициялық жағдай жасау кезінде кәсіпкерлік қауымдастыққа көмек көрсетуі керек.

«Іздегенді табар: азаматтық бастамалардың өсу нүктелері» тақырыбындағы сараптамалық талқылау барысында әлеуметтік инвестициялық стратегия, әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тақырыбы қозғалды. Ал тақырыпты өрбіткен спикерлер қатарында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің бағдарламалық менеджері Юрий Скаскевич, РФ Жаңа жобаларды ілгерілету бойынша стратегиялық бастамалар агенттігі Корпоративтік офисінің Стратегиялық басқару және ішкі аудит орталығының директоры Андрей Пысин, «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестиция бағдарламаларының үйлестірушісі Лейла Айтмұханова, әлеуметтік кәсіпкерлік және әлеуметтік саладағы бағдарламалар бойынша тәуелсіз сарапшы Жанар Жақсылықова, Әлеуметтік маңызы бар бастамалар қорының төрағасы Ермек Мәжітов, саяси бақылаушы және журналист Никита Шаталов, азаматтық қоғам жөніндегі техникалық менеджер Айгүл Қаптаева болды. Сессияда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ басқарма төрайымы Лима Диас модераторлық етті. Отырыс қорытындысы бойынша спикерлер өңірлік азаматтық альянстардың негізінде аймақтық сарапшылар пулын құру, АБҚО негізінде ҮЕҰ мен азаматтық белсенділерді онлайн және офлайн режимінде оқытуды ұйымдастыру, сонымен қатар орталық негізінде тұрақты негізде қаражат жинауды, өңірлердегі қажеттілік жағдайына байланысты маңызды жобаларды әртүрлі қаржы ресурстары (мемлекеттік, мемлекеттік емес, халықаралық донорлардың ресурстары) арқылы қаржыландырып, олардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету керек деген сияқты қорытындыға келді.