Спорт • 25 Қараша, 2021

ҚХЛ: «Барыс» хоккейшілері «Торпедоны» жеңді

8 рет көрсетілді

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Торпедо» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Сондықтан елордалық команда үшін әрбір ойынның маңызы артып тұр. Ойынның 4-минутта «Барыс» сапынан Коди Куник есеп ашса, 13-минутта Якоб Лилья есепті үстемелей түсті. Екінші кезеңнің 15-минутында қазақстандық командадан Линден Вей көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Одан кейін «Торпедо» сапынан Артём Михеев 34, Зият Пайгин 44-минуттарда мергендігімен танылды. Ал Якоб Лилья 46-минутта қайтадан «Барыстың» басымдығын арттырды.

Кездесуде «Барыс» қарсыласын 4:2 есебімен сүріндірді. Осылайша қатарынан үш мәрте жеңіске жетті.

Айта кетсек, екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті. «Барыс» енді келесі ойынын 27 қарашада елордада Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Қарсыласын 7 раунд бойы сабады

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:32

Индонезияда жер сілкінді

Әлем • Бүгін, 09:32

Үшінші жеңіліс

Жекпе-жек • Бүгін, 09:02

Жоспарын жоққа шығарды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Үздік ондықта Головкин жоқ

Кәсіпқой бокс • Кеше

Жекпе-жексіз өткен алғашқы жыл

Кәсіпқой бокс • Кеше

Ұқсас жаңалықтар