28 Ақпан, 2014

Көрме көркі

188 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында суретшілеріміздің таңдамалы туындыларынан тұратын бес томдық «Қазақ өнері» атты кітабының тұсаукесері мен бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылық көрмесі өтті.

ERA_8563

ERA_8526

«Қазақстан Суретшілер ода­ғының 80 жыл­дық мерейтойы аталып өткен болатын. Соған байланысты мәдени іс-шаралар бағдарламасы аясында «Қазақ өнері» атты жинақты шығарған едік. Бұл кітап бес томнан тұрады. Бірінші томы «Ежелгі дәуір» аталса, «Халықтық және қолданбалы сәндік өнер», «Мүсін монументалды сәндік өнер», «Кескіндеме» және «Графика» болып жалғасады. Аталған жинаққа белгілі тарихшылар, өнертанушылар, әдебиет­шілер мен суретшілер, мәде­ниет және өнер қайраткерлері туындыларының басын қосып, іргелі еңбекті бүгін халыққа ұсы­нып отырмыз», – деді Астана қаласы Суретшілер одағының бас­қарма төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қоңыр Мұхамедиев. Сондай-ақ, ол бұл жинақтың, әсіресе, жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студент қауымы мен ізде­нушілерге тигізер пайдасы молынан екенін де назардан тыс қалдырмады. Жинақтағы өнертану мақалалары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқырманға ұсынылып отырғанын да тілге тиек етті. Тұсаукесерге арнайы келген белгілі ғалым Ғарифолла Есім бұл көрмеден алған әсерінің ерек­ше екенін атап айтты. «Мен суретшілер қауымын өте жақсы көремін. Себебі, кезінде он бір жыл көркемсурет факультетінде декан болғанмын. Жалпы, сурет­шілер бала мінезді, пәк жандар. Бір сөзбен айтқанда, бала мінезді ересек адамдар. Неге бала мінезді болады? Өйткені, бұлар табиғатқа, қоғамға, адамға сол балалық таза көңілмен қарайды да, сол таза көңілдерін өздерінің шығармаларында бояу тілімен сөйлетеді. Бір мысал, Марат Тоқ­сейітовтің «Алаң», «Кештің түсуі» атты жұмыстары қандай кере­мет! Ауылдың бейнесін әде­мі көр­сет­кен. Осындай таланттар көбейе бер­гей», – дейді философ. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан». –––––––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024