Оқиға • 26 Қараша, 2021

Балабақшадан мәйіт табылды

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ферғана облысы Күштепа ауданында орналасқан №27 балабақшадан мәйіт табылды, деп жазады Egemen.kz өзбек басылымдарына сілтеме жасап.

 

Балабақшадан мәйіт табылды

Мәлім болғандай, 20 қараша күні сағат 07:00 шамасында Ферғана облысы Күштепа ауданы «Қоргонча» махалласында орналасқан №27 балабақшадан мәйіт табылған.

Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы ер адамның көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болғанын көрсеткен. 

Әкім арнайы комиссия құрып, жоғарыдағы оқиғаны жан-жақты зерделеуді тапсырды. 

Бұған дейін 17 қарашада Самарқанд облысының Пастдаргом ауданында контейнер ішінен екі адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Ол кезде де өлім химиялық улану салдарынан болғаны хабарланған.