Кеше, 27 ақпан күні Қызылорда облысының прокуратурасында облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісовтің төрағалығымен алқа мәжілісі өткізілді. Онда аулауға тыйым салынған киікті қорғауға бағытталған шаралар және броконьерлік қылмыстармен күресу, оның алдын алу барысында атқарылып жатқан жұмыстар мәселесі қаралды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі №969 қаулысының 1-тармағымен ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, республиканың бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2020 жылға дейін тыйым салынған. Сонда да болса, мемлекет тарапынан қолданылып жатқан шараларға қарамастан, аулауға арнайы тыйым салынған киіктерді заңсыз аулау, браконъерлік фактілері жылдан-жылға көбеюде. Бұған 2013 жылы браконъерлік фактілерінің 2012 жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейгені айғақ болады.
Жалпы, 2012 жылы облыс көлемінде киіктерді заңсыз аулаудың 9 фактісі тіркелсе, онда 59 бас киік заңсыз ауланып, осы бойынша қоршаған ортаға 15 млн. 977 мың теңгенің залалы келген. Аталған залалдың тек 1 млн. 496 мың теңгесі ғана өндіріліп, залалдың өндірілу көрсеткіші небәрі 10 пайызды ғана құрап отыр. Ал 2013 жылы облыс бойынша 22 факті бойынша 44 бас киік заңсыз ауланып, 250 дана киік мүйізі айналымнан алынған. 2014 жылдың тек қаңтар айының өзінде ғана осындай 10 фактінің салдарынан 35 бас киік ысырапқа ұшыраған. Осы арқылы қоршаған ортаға 3 млн. 518 мың теңге залал келген.
2013 жылы браконьерлікпен айналысқан тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 290-бабы бойынша 22 қылмыстық іс қозғалып, 18 қылмыстық іс сотқа жолданды. Мысалы, 2013 жылы Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен жүргізілген рейдтік тексеру барысында, «Хонда» маркалы мотокөлігі ұсталған.
Тексеру жүргізу барысында, қапқа салынған 1 бас киік аңы, 6 дана киік аңының мүйізі, 1 дана қолдан жасалған пышақ, 1 дана қоларасы айғақ зат ретінде тәркіленіп алынған. Орын алған факті бойынша аудан прокуратурасы сезікті ретінде ұсталған Н.Ж.-ға қарсы қылмыстық іс қозғалып, аудандық соттың үкімімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотты болды.
Алқа шешімімен жоғарыдағылардың негізінде киіктердің өсіп-өнуін сақтап қалу, браконьерлікке қарсы күрес пен оның алдын-алу, тосқауыл қою, әшкерелеу және осы бағытта құқық бұзушылықтың профилактикасын жүргізу мақсатында әрбір мемлекеттік органдарға атқарылатын шаралар белгіленіп беру ұсынылды.
Құрыш Нұрымбет.
Дереккөз: Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026