Қазақстан • 26 Қараша, 2021

Нұрлан Нығматулин ТүркПА Бас хатшысын қабылдады

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының жаңа Бас хатшысы Мехмет Сюрейя Эрмен алдағы жұмыс бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан Нығматулин ТүркПА Бас хатшысын қабылдады

Мәжілістегі кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесінің 8-ші саммиті қорытындыларының тарихи маңыздылығын атап өтті. 

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, соның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің атауы «Түркі мемлекеттері ұйымы» атауына өзгерді. «Түркі әлемінің келешегі - 2040» құжатының қабылдануы, сонымен қатар Түрікменстанның ұйымға бақылаушы мәртебесіне ие болуы Ұйым дамуындағы жаңа кезең.

 

Осыған байланысты, Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, парламентшілерді түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясына біріктіру қажет.

1

Тараптар қыркүйекте Түркістанда өткен ТүркПА-ның мерейтойлық Х пленарлық отырысының қорытындысы бойынша қабылданған Түркістан декларациясын іске асыру мәселелерін талқылады.

ТүркПА-ның 2022-2027 жылдарға арналған заң жобалау қызметінің бағдарламасына ерекше назар аударылды.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, ТүркПА Хатшылығының мұндай жоспарды әзірлеуі парламентшілерге ТүркПА-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру бойынша жүйелі негізде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.