Қазақстан • 26 Қараша, 2021

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті сайланды

899 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті сайланды

Түркістан қаласында өтіп жатқан құрылтайда қоғамның вице-президенттері болып Максим Рожин мен Анар Фазылжанова таныстырылды.

Жиын барысында қазақ тілінің қоғамдағы маңызын арттыру мәселелері талқыланып, тілге қатысты заңға өзгерістер енгізу ұсынылды.

Айта кетсек, бүгін Түркістан қаласында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы өтуде. Ауқымды шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Парламент депутаттары қатысуда. Еліміздің барлық өңірінен келген қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің, облыстар мен қала басшылары бастаған тіл жанашырлары өзекті мәселені өзара талқыға салуда.