Мартиника тұрғындары әлеуметтік дағдарыс пен ковид-рұқсатнамаларын енгізуге қарсы наразылық білдіріп жатыр.
Кариб теңізіндегі Францияның шетелдегі территориясы Мартиника аралының билігі демонстрациялар кезінде коменданттық сағат енгізді.
Шектеу жергілікті уақыт бойынша 19:00-ден 05:00-ге дейін әрекет етеді.
Тәртіпсіздік кезінде 11 адам ұсталған.
Наразылық акциясы кезінде демонстранттар көптеген көліктер мен қоқыс жәшіктерін өртеп, жолдарға тосқауыл орнатқан.