Оқиға • 26 Қараша, 2021

Алматыда оқушы қызды тонап кеткен ұры ұсталды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған қыздың анасы полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда оқушы қызды тонап кеткен ұры ұсталды

Анасының айтуынша, қызы мектептен келе жатқанда белгісіз біреу оның қолынан IРhone ұялы телефонын тартып алған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті нәтижесінде күдікті қамауға алынды.

«Полицияға жеткізілген 28 жастағы күдікті кінәсін мойындады. Айғақты зат ретінде телефон тәркіленді және иесіне қайтарылды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды», деді Алматы қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазір күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.