Саясат • 26 Қараша, 2021

Парламенттегілер президент отставкасын талап етті

5149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Перудағы оппозициялық партиялар Президент Педро Кастильоны «моральдық қабілетсіздігіне» байланысты қызметінен кетіруді талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламенттегілер президент отставкасын талап етті

Тиісті құжатты үш оппозициялық партияның 28 парламентарийі қолдады.

Оппозицияшылар мемлекет басшысын «моральдық қабілетсіз» және сайлау науқаны кезінде үкімет қаражатын заңсыз пайдаланды деп айыптайды.

Перу заңы пленарлық отырысқа мәселені шығару үшін 130 конгрессменнің 52-сінің қолдауын талап етеді және импичмент жариялау үшін Конгресстің 130 мүшесінің кемінде 87-сі дауыс беруі керек.

Сарапшылар мен жергілікті БАҚ оппозициялық партиялардың қарарды талқылап, қабылдауға Конгрессте жеткілікті қолдауы жоқ деп есептейді.

Оппозиция үкіметтің БАҚ-қа қатыгездікпен қарайтынын, қоғам алдында есеп бермейді және сөз бостандығын қамтамасыз ету үшін ешқандай күш салмайды дегенді алға тартады.